Спорт мектептерінен жемқорлық анықталды. Заң бұзушылық облыстық прокуратураның спорт нысандарға жүргізілген тексерісі кезінде анықталды.
Тексеріс нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Мәселен, Павлодар қаласында хоккей корты үш жыл бойы тегін пайдаланылып келген, ал коммуналдық шығындар бюджет есебінен төленген. Сондай-ақ спорт мектептеріннен прокурорлар 10 миллион теңге көлемінде қаржы жымқыру және жалған төлемдер фактілерін анықтады.
Ерлан Төлеков, Павлодар облысы прокурорының көмекшісі
Аудандардың бірінде бухгалтер үш жыл ішінде өзіне заңсыз түрде шамамен 6 миллион теңге аударған. ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотта қаралуда, Сондай-ақ, спорт ұйымдарында жалған дипломдары бар жаттықтырушылар, бұрын адам денсаулығы мен адамгершілікке моральге қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жұмыс істеген. Спортшыларды жоқ қонақүйлерге орналастыру бойынша жалған келісімшарттар жасалған. Соның салдарынан келтірілген шығын 2,8 миллион теңгені құрады.
Тексеру қорытындысы бойынша қадағалау органдары өңірдегі спорт нысандарының басым бөлігі тозығы жеткен деген тұжырымға келді. Трибуналар қираған, шатырлардан су ағады, мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасалмаған, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес. Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша оларды жою және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін қадағалау актілері енгізілді деді прокуратурада.