Шахмат үйінде Сенат Кубогының 1/8 финалы аясында жылдам шахматтан облыстық чемпионат өтті. Зияткерлік додаға мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері қатысты. Ойын барысын алдағы сюжеттен көрейік.
Senat Open турнирі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен және шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты - өңір тұрғындары арасында шахматты кеңінен насихаттау. Зияткерлік спортқа қызығушылықты арттырып, әртүрлі сала өкілдері арасындағы өзара байланысты нығайту.
Шәріп Кашкенов, бас төреші
Бізде ардагерлер арасында және мұғалімдер арасында іріктеу өтті. ол жерден 40 кісі дайын. Енді осы кезеңнен 20 кісі өту керек. Оның ішінде 3 әйел. 17 адам өту керек. Олардың қатарында 5 ұлттық компаниядан және 5 адам мемлекеттік қызметшілер болу керек. Ақпан айында барлығы іріктеу өтеді. Сосын мамыр айында финал болды. Сосын бәріміз ¼ ге өтетін адамды білетін боламыз. Бүгінгі жарысқа 104 кісі қатысып отыр.
Сайыс 9 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша өтті. Зияткерлік додаға 80-ге жуық мемлекеттік қызметші мен 20-ға тарта ұлттық компания өкілдері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар ойынға дайындықпен келген.
Темірлан Утюпов, Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы
Осы турнирге алғаш рет қатысып отырмын. Жалпы өзім мектеп, универ кезінде ойнағам. Енді өзімді сынауға қатысуға келдім. 00:30++00:45///Жалпы біздің басқармадан 3 адам келді. Осындай турнир үлкен болған соң, тәжірибе береді.
Алдағы кезеңдерде мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері, БАҚ пен блогерлер, денсаулық сақтау және күш құрылымдарының өкілдері бақ сынайды. Үздік шахматшылар Сенат Кубогының финалына жолдама алады.
Сабина Жолдаспаева