№21 мектепте «Адал азамат» жобасы аясында «Джунгли шақырады» атты спорттық жарыс өтті.Шараға төртінші сынып оқушылары қатысып, командалар арасында көңілді эстафеталар ұйымдастырылды.

 Ксм:Жарыс мектеп дәлізінде басталып, кейін спорт залында жалғасты. Оқушылар түрлі тапсырмаларды орындап, жылдамдық, ептілік және командалық жұмыс бойынша бақ сынасты.

       Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың физикалық белсенділігін арттырумен қатар, тәртіп, жауапкершілік және адалдық сияқты құндылықтарды қалыптастыру. Жарыс барысында балалар ережені сақтаудың және ұйымшылдықтың маңызын көрсетті.

Азиза Ахметжанова, тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары

4 сынып оқушылары арасында джунги зовут атты шығармашылық іс –шара өтті. жарыстың идеясы тәртіпсіз ел болмайды.бұл қағида спортта ғана емес өмірде де маңызды.

Айта кету керек, жарысты мектеп ұжымы ұйымдастырып, қазылар алқасының құрамына ата-аналар кірді. Нәтижесінде барлық командалар бағаланып, жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Дильназ Қуанышбекқызы