Өңірде қауіпті, жарылатын заттар орналасқан жерде шыққан өртті енді робот сөндіруге көмексетеді. Заманауи құрылғы құтқарушылар мен инженерлердің бірлескен жұмыстың нәтижесі. Бұл елімізде баламасы жоқ техника. Сондай-ақ биыл құтқарушылардың паркі бірнеше заманауи көлікпен толықты. Толығырақ Әйгерім Тоқпанқызының әңгімесінде.
Кез келген төтенше жағдайда техника сақадай сай дайын болу керек. Бүгін облыс әкімі Асайын Байханов жаңартылған көліктермен танысты. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ қаржыландыруды үнемдеу есебінен жалпы құны 17 арнайы техника және 165 бірлік өрт-техникалық жабдық сатып алынды. Олардың қатарында электр генераторлары мен мотопомпалардан бастап, ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен құтқарушыларға арналған заманауи қорғаныс киімдері бар. Ең қымбат көліктің бірі бұл командалық-штабтық машинасы.
Бұл техника дала жағдайында жедел штаб орналастыруға арналған. Мында тұрақты байланыс, бейнебақылау жүйесі, сондай-ақ бейнеконференция өткізу мүмкіндігін бар. Бұған қоса, елімізде баламасы жоқ. Роботтандырылған өрт сөндіру платформасын сатып алды. Бұл құрылғы аса қауіпті жағдайларда — радиациялық, жарылыс және ғимараттардың құлау қаупі туындаған сәттерде өртті қашықтан сөндіруге арналған.
Роботтың қозғалу жылдамдығы секундына бір метр. Суды шашу қашықтығы 65 метрге дейін жетеді. Платформа толықтай автономды, қатаң климаттық жағдайларға бейімделген.
Рустамбек Әмрин, павлодар облысы ТЖД бастығы
Роботтандырылған техника «Қалқан» ЖШС кәсіпорнымен бірлесіп әзірленген. Қазіргі таңда бұл — тәжірибелік-сынақ үлгісі. Алдағы уақытта ол тиісті рәсімдерден өткеннен кейін ресми түрде есепке алынып, бөлімшелердің тұрақты пайдалануы үшін беріледі.
Кездесу соңында өңір басшысы алдағы су тасқыны мен өрт қаупі жоғары маусым кезеңде арнайы техниканың сақадай сай болуын тапсырды.
Әйгерім Тоқпанқызы