Соңғы жылдары еліміздегі ауыр жүк көлігі иелері жолда жүру тәртібін сақтау мәдениетін игере бастады. Мәселен, биылғы жылдың алты айында Павлодар облысында ереже бұзған небары 33 көлік тіркелген. 



Бұл үш жыл бұрынғы мәліметпен салыстырғанда үш есеге кем. Мәселен, 10 күн бұрын республикалық “Температуралық режимді сақта!” акциясы басталды. Небары 7 жүргізуші көліктік бақылау инспекторының ескертуі бойынша арнайы тұраққа аялдаған. 

Абылайхан Тұрсынов - көлік жүргізушісі

-бізді тоқтатқан кезде ауа райы 32 болып тұрды. Қазір енді төмендеп келеді. Жаңбыр жауғалы тұр. Енді 25 ке түскенше біраз күте тұрамыз.,Өйткені Павлодар облысының жолдарын бүлдіргіміз келмейді. Осы транспорттық бақылауға ешқандай реніш жоқ, күтеміз ауа райы түскенше дейін. 

Ресми лерекке қарағанда Ертіс-Баян өңірі жолдарының 97% сапалы. Бұл республика бойынша алдыңғы үштікте деген сөз. Ең бастысы, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері тарапынан бюджет қаражатын үнемдеуге деген талпыныс бар.

Марат Тлегенов - Павлодар облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары

-Жүргізушілер нормалық-қүқықтық актілерді үнемі оқып отырады. Себебі, қазір айыппұл көлемі өте жоғары. Мәселен, 25 градустан жоғары температуралық режимде әр білікке түсетін жүк салмағы 8 тоннадан асатын көліктер арнайы тұрақтарға өздері барып тоқтайды. Температура түспеген жағдайда олар кешкі сағат тоғыздан кейін жолға шыға алады. Заң бойынша солай.