Адамның ғұмыры аяқталғанымен, оның шығармашылығы халық жадында мәңгі сақталады. Павлодар облыстық Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы көркемсурет музейінде график-суретші Виктор Поликарповты еске алуға арналған көрме ашылды. Экспозиция суретші өмірден өткеннен кейінгі тоғызыншы күні ұйымдастырылып, онда шебердің жеке қорынан алынған ондаған туынды көпшілік назарына ұсынылды.
Виктор Поликарпов Қазақстанда офорт техникасын жетік меңгерген санаулы суретшілердің бірі болды. Оның әрбір шығармасы алдымен қарындашпен салынған нобайдан басталып, кейін күрделі графикалық тәсілдердің көмегімен толыққанды туындыға айналатын.
Ольга Пашко, Павлодар облыстық Н.Нұрмұхаммедов атындағы көркемсурет музейінің қор сақтаушысы
«Бүгін біз оны еске аламыз. Оны әйелімен, балаларымен тілдесеміз. Өңірдің зиялы қауым өкілдері кездесеміз, әдемі есьелікке толы кеш өткізгіміз келеді. Виктор Поликарповты еске алу мақсатында көрме ашамыз, 45 жұмыс қойылады. 35-і осы музей қорынан алынды.
Суретшінің шығармашылығында екі ірі топтама ерекше орын алды. Оның бірі ақын Павел Васильевке арналса, екіншісі ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған. Музыкалық білімі де оның туындыларынан көрініс тапқан. Әсіресе қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары бейнеленген еңбектері аз емес. Көркемсурет училищесін тәмамдағаннан кейін Виктор Поликарпов археологиялық экспедицияларға қатысып, көне жәдігерлердің суреттерін қағазға түсірген. Жақындары үшін бұл көрме – суретшінің шығармашылығын жұртшылыққа таныстыру ғана емес, талантты қылқалам шеберінің, ұстаздың және жанашыр адамның жарқын бейнесін келер ұрпаққа жеткізудің бір жолы.
Ольга Поликарпова, суретшінің қызы
«Виктор Федоровичті білетіндер Павлодар бәрі танитын. Ол өз өмірін осы қалаға арнаған адам. Ешқайда кеткісі келмейтін. Павлодар туралы көп мәлімет, тарих білетін. Біз үшін осы күні көрменің ашылғаны қуантады. Оның жүмыстары қойылады. Ол өзі бөліскенді, көмектескенді жақсы көретін.
Виктор Поликарпов жары Вера Поликаровамен бірге 59 жыл ғұмыр кешті. Екеуі бірге өмірдің қуанышы мен қиындығын бөлісіп, саяхаттап, талай арман-мұраттарын бірге жүзеге асырды. Вера Поликарованың айтуынша, суретші Қазақстанды ерекше сүйген.
Вера Поликарпова, суретшінің жұбайы
«Ол Қазақстанды жақсы көрді. Ол қайда барсақта Қазақстанды суретке салғанды жақсы көрем дейтін, мында гүлдер басқаша, шөп те басқаша дейтін. өзімнің адамдарым мен өзімнің табиғатымды суретке түсірген ұнайды дейтін.
Виктор Поликарповты еске алуға арналған көрме бір ай бойы жалғасады. Осы уақыт ішінде павлодарлықтар суретшінің шығармашылық мұрасымен тағы бір мәрте қауышып, өңірдің бейнелеу өнерінің тарихында өшпес із қалдырған шебердің еңбектерін тамашалай алады.
Самал Қалиқызы