Музыкалық аспаптар көрмесіне қазақ халқының ұрмалы, үрлемелі, шертпелі аспаптарының 20-ға жуық түрі қойылған. Ежелден бері келе жатқан домбыра, шертер, қобыз, сондай-ақ, шаңқобыз түрлері сияқты аспаптар бар. Сыбызғының да бірнеше түрі ұсынылған.
Асан Әбдікәрімов, ҚР мәдениет қайраткері:
Бұл енді біздің ұрпағымызға үлкен мұра деп ойлаймыз. Осы аспаптарды тамашалу арқылы оқушылар музыкаға қызығады деп ойлаймын. Мен де бесінші, алтыншы сыныбымнан бастап осындай аспаптарға қызыға бастадым. Музыкалық аспатарға бейім болып кеткенім сондықтан.
Көрмеге келушілер виоленчель, баян, балалайка, контрабас сияқты аспап түрлерінің тарихы мен ойнау тәсілдерімен танысты. Әр аспаптың өзіндік дыбыс шығару ерекшелігі, табиғаты бар. Солардың ішінде оқушыларды ең қызықтырған металлофон аспабы болды.
Анатолий Оноприенко, симфониялық оркестр әртісі:
Бұл аспап металл мен пластинкадан жасалған. Тілшелерінің орыналасуы дәл фортепионаға ұқсас. Симфониялық оркестрге аса қажет аспаптардың бірі.
Көрмеге қойылған Шаңқобыз - көне аспаптардың қатарына жатады. Дыбыстық табиғаты өзгеше. Кейбір шаңқобызда бір дыбыс, ал кейбірінше қосылқы екі дыбыс болады.
Асан Әбдікәрімов, ҚР мәдениет қайраткері:
Бұның ми дыбыс бар.Тыңдасаңыз арғы жағында қосалқы дыбыс бар.
Оқушылардың музыкалық аспаптарға зейіні ерекше. Болашақта осы аспатардың бірінде ойнаған өнерпаз болғысы келетіндіктерін айтады.
Арнұр Болат, оқушы:
Мен көрдім балалайка. Маған ұнады. Баян көрдім, қобыз көрдім.
Маржан Сағын, оқушы:
Мен көрдім домбыра, қобыз, баян өте ұнады. Домбырада, қобызда ойнағым келеді.
Аспаптар көрмесі алдағы уақытта да ұйымдастырымақ. Басты мақсат - жасөспірімдердің мәдени ақпараттарды терең білуіне ықпал ету.
Жанасыл Серікбол