Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Шідерті ауылындағы балабақша қайта жаңғырып, балалардың қуанышына айналды. Былтыр қазан айында басталған жөндеу жұмыстары биыл 1 маусымда аяқталды. Нысан есігін кішкентай бүлдіршіндерге айқара ашты. Толығырақ жаңарған ғимараттың бүгінгі келбетін көріп қайтқан тілші әңгімесінде.

Нысан тек сыртқы кейпімен ғана емес, ішкі мазмұнымен де өзгерген. Жылу жүйесі толық жаңартылып, заманауи жиһаздармен жабдықталған. Балаларға ыңғайлы, әрі қауіпсіз орта жасалған. Әр бөлме жарық та жайлы, шығармашылық пен тәрбиеге бағытталған кеңістік қалыптасқан.Бұл игі істің жүзеге асуына өңір басшылығы мен әлеуметтік серіктестердің қолдауы себеп болды.

Бұған дейін ата-аналар бөлмелердің салқындығына шағымданған еді. Қазір мекемеде толықтай жылыту жүйесі жаңартылды. Аумағы абаттандырылып, жаңа жиһаздармен жабдықталды. 1966 жылы салынған балабақша бүгінде жаңарып, жаңа тыныс алды. Бұдан бөлек облыс әкімі балабақша ішін аралай келе бүлдіршіндердің қауіпсіздігі – басты назарда болып жайлы ортада тәрбие алу керектігін атап өтті. ИНТЕРШУМ: Балабақшада үш қазақ және үш орыс тілді топ жұмыс істейді. Бұл – ауылдағы бүлдіршіндердің ана тілінде тәрбие мен білім алуына жасалған нақты мүмкіндік. Нысан Бозшакөл кен байыту комбинатының қолдауымен 295 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Айта кетейік, Шідерті ауылында 3 мыңнан астам тұрғын бар.

Әйгерім Тоқпанқызы