Бүгін Павлодар облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Жиында төрт тәртіптік іс қаралды. Екі жағдайда жұмыс орнында болмаған қызметкерлерге заңсыз жалақы төленген. Құжаттар ұсынылмағандықтан, екі лауазымды тұлғаға ескерту берілді.Сондай-ақ, туыстарды жұмысқа заңсыз қабылдауға қатысты іс қозғалды. Бір әкім жұбайы мен туысын, екіншісі ағасының ұлын жұмысқа алған. Бұл мүдделер қақтығысы ретінде бағаланып, екеуіне де қатаң сөгіс берілді.

Алғашқы тәртіптік іс Май ауданынан түсті. Аппарат басшысы Дүйсенбай Қалиакпаров 2024 жылдың желтоқсанында жұмысқа келмеген қызметкерге жалақы төлеуге жол берген. Қызметкер ол кезде шетелде болғанымен, табельде жұмыс орнында деп көрсетілген. Еңбек демалысы мен ресми рұқсат болмаған.

Дүйсенбай Қалиақпаров, Май ауданы әкімі аппаратының басшысы

Шынын айтқанда, Мельникова Виктория маған 16 желтоқсанда жақын туысы қайтыс болғанын айтып, мессенджер арқылы хабарласты. Сол себепті мен оны босатып жібердім. Бірақ оның шетелге кететінін маған айтқан жоқ. Ұжымдық келісімге сәйкес, 3 күндік жалақысы сақталатын әлеуметтік демалыс беруге болады. Сондықтан мен заңсыз жалақы төленді деп ойламаймын. Бірақ бұл жағдайды ресми түрде құжаттамаппын.

Бұл деректі аппарат басшысы түсіндіруге тырысқанымен, қажетті құжаттар ұсынылмаған. Әдеп кеңесінің шешімімен Дүйсенбай Қалиакпаровқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Асхат Ескендіров, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

Бәрі айтылып жатыр, бірақ заңбұзушылықтар жалғасуда. Бұл – мемлекеттік тәртіптің сақталмауы. Қызметкерлердің жұмыс орнында болғанына көз жеткізуіміз керек. Мұндай әрекет жүйеге зиян келтіреді.

Дәл осындай жағдай Аққулы ауданында болды. Ямышев ауылдық округінің әкімі Бахытжамал Рахметова да шетелге шыққан қызметкеріне жалақы төлеуге жол берген. Бұл деректі әкім еңбек демалысы кезеңімен түсіндіргенімен, ресми құжаттар ұсынылмаған. Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңес Рахметоваға да «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» беруді ұсынды.

Бақытжамал Рахметова, Аққулы ауданы Ямышев ауылдық округінің әкімі

31 желтоқсан айында, бас маман Кащапова 29 кешкі сағат 8дің кезінде маған звандап, отбасылық жағдаймен байланысты шығу керек деп хабарлама берді. Бірақ, жылдың аяғы болғандықтан мен осы факті табельдер кетіп қалды солай қалып қойды. Расында да сіз бізге сабақ берген кезде осы мәлімет туралы ескерту жасағансыз.

Кеңесте қаралған тағы бір мәселе туыстық қарым-қатынасқа байланысты болды. Май ауданы Саты ауылдық округінің әкімі Жұлдыз Гросс әкімдікке тағайындалғаннан кейін, аппаратының күзетшілері қатарында өз жұбайы мен туысының жұмыс істейтінін жасырған. Басшылықты бұл жөнінде жазбаша түрде хабардар етпеген. Әдеп кеңесінің шешімімен, Жұлдыз Гроссқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Ол өз қатесін түсінді.

Жұлдыз Гросс

Енді қателік жасадым, мойындаймын. Аппарат басшысына және аудан әкіміне жазбаша ескертпедім. 

Тағы бір жағдай – Май ауданы Ақжар ауылында тіркелді. Әкім Ербол Мұсабаев ағасының ұлын жүргізуші ретінде жұмысқа қабылдаған. Алайда, інісінің жүргізуші куәлігі болмаған. Ол кезде лауазым бос болғанымен, әкім бұл шешімі жайлы басшылықты құлағдар етпеген.

 ЕРБОЛ МҰСАБАЕВ, МАЙ АУДАНЫ АҚЖАР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ

Мен жұмысқа тұрған кезімде немере інімді жұмысқа алдым. Бүгінгі күні ол 17 шілдеге дейін еңбек демалысында болды. 18 шілде жұмысқа шыққаннан кейін өз еркімен жұмыстан босатылды. Ол кісінің мүдделі қақтығысқа жататынын білмедім, сол себепті жұмысқа алдым жүргізуші болмағандықтан. 

Нәтижесінде, бұл да мүдделер қақтығысы ретінде бағаланып, әкімге қатаң сөгіс түріндегі жаза қолданылды.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА