Қазақ халқының біртуар ақыны, композитор әрі әнші Иса Байзақовтың биыл 125 жылдығы аталып өтіледі. Осы мақсатта оның өзі ұстаған көне домбырасы арнайы реставрациядан өтіп, жаңа кейіпке енді. Бұл тарихи аспап – ұлт руханиятының асыл мұрасы, оның қайта қалпына келтірілуі мәдени мұраны сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып отыр.Толығырақ тілші жалғастырады.
Өткен жылы Ертіс аудандық мәдениет бөлімінің басшысы мен Иса ақынның немере қарындасы Күләш Әбиеваның үлесі тиіп, дауылпаз ақынның көне аспабы музейге тапсырылды. Бұл Иса ақынның үшінші домбырасы. Оның бірінші домбырасы Шымкент музейінде болса, екіншісі кезінде ақын Қалижан Бекхожинде болып, жоғалып кеткен екен.
Мейрамғали Есмұқанов, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің бас қор сақтаушысы
Домбыраның қайдан келгенің айтатын болсақ, Күләш Әбиқызының айтуынша Иса Байзақов өзінің елі Үлгілі жеріне 1942 жылы келген кезде Мүфти Ахметовке сыйға тартып кеткен. Содан бері сақталып біздің музей қорына келіп түсті. Бұл осы Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай үлкен, құнды жәдігерлеріміздің бірі болып саналады.
Домбыра таза ағаштан ойылып жасалған, әрі ғасырға жуық уақыт сақталған десек те болады.Ақын өзі ұстаған бұл аспап өңірімізде алғаш рет табылып, бүгінгі таңда оған реставрация жасалды.Әрине домбыраның ескілігі сақтап қалынған, құлағы, шегі, әсіресе пернелері дұрыстап өңделген.
Мейрамғали Есмұқанов, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің бас қор сақтаушысы
Сақталуы келген бетте орташалау болды. Бірақ біз өңдеу жүргізіп, осындай қалыпқа келтірдік. Енді домбыраның өзіңе келетін болсақ сиялы ойылып жасалған. Бет тақтай салынған, шегі осыған тартылған.
Осылайша Иса Байзақовтың домбырасына қайта жан біткендей. Оның үні – халқымыздың тарихы, өнері мен рухының айғағын көрсетіп тұр.
Биыл дауылпаз ақынның туғанына 125 жыл, өңдеуден өткен домбырамен алдағы уақытта ән-жыр орындалады деген жоспар бар. Осылайша бұл көне аспап мәдениетіміз бен өнерімізге қосылған құнды қазына, қастерлі жәдігер болып қала бермек.
Қымбат Садық