6 шілде — Астана күні қарсаңында елорданың өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, тарих толқынын парақтауға ерекше мүмкіндік туады. Осы орайда облыстық архивтің қызметкерімен сұхбаттасып, елорданың қалыптасу тарихы жөнінде сұрап білдік. Толығырақ тілші бейнематериалында.

Астана күні — бұл тек қаланың туған күні емес, ол Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басқанын білдіретін маңызды тарихи кезеңнің белгісі. 1997 жылы ел астанасының Алматыдан Ақмолаға көшірілуі – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бетбұрыс сәт болды.

Күләш Есімханова, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің архивисі

Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы мынадай критерийлер ұстанды: әлеуметтік-экономикалық әлеует, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, еңбек, жер ресурстары, георгафилық орналасуы. Мұндай 37 критерий болдығ мен біразын ғана айттым. Көшу процесі бірнеше жылға созылды.

Бүгінде архив қорында астана туралы көптеген құжаттар, сараптамалар мен хаттамалар сақтаулы. Олар арқылы сол уақыттағы мемлекеттік органдардың қалай әрекет еткені, қандай мәселелердің көтерілгені, және жаңа астананың қалыптасуы туралы толық мәлімет алуға болады. Бұл құжаттар тек тарихи емес, ғылыми тұрғыдан да құнды.

Күләш Есімханова, Павлодар облысы мемлекеттік архивінің архивисі

Жоғары кеңестің қаулысы 6 шілде, 1994 жылы. Және сол кезде Астана Ақмола мен Алматының орталығында болды, ол туралы да бөлек қаулы шығарылды. Және 6 мамыр 1998 жылы Ақмоланың атауы Астана деп аталған. Осындай күрделі, мағыналы құжаттарды айтуға болады. Осы 31 жылдың ішінде Астана қаласы қазақ елінің саяси-әкімшілік, қаржы-эконмикалық, мәдени-рухани, ғылым және білім, өнеркәсіп орталыған айналды деп айтуға болады.

Архив құжаттары мен мамандар пікірі елорданың әрбір кірпіші терең оймен қаланғанын дәлелдейді. Бұл күн өткенге тағзым, болашаққа сенім. Сондықтан жас ұрпақ елорда тарихын білу арқылы отансүйгіштік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды бойына дарыта алады.

Қымбат Садық