Облыстық мәслихаттың депутаты Жарқымбек Амантайұлы бастаған бір топ делегаттар облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралады. Басты мақсат – мемлекеттік тіл туралы заңнама талаптарының дұрыс сақталуын қадағалау. Алғашқы болып табан тіреген нысандардың брі – трамвай басқармасы. Аталмыш мекемеде ешқандай кем-кетік жоқ деп айтсақ болады. Қабырғаға ілінген ақпараттық тақтайшалардың барлығы екі тілде жазылған. Тіпті, халықпен тығыз байланысқа түсетін кондукторлар қазақ тілі курсынан өтіп тұрады.
Гүлнәз Әлібекқызы, трамвай басқармасы кадрлар бөлімінің басшысы:
Жүргізушілер бізде курс өтеді ғой. Сол жерде бір сағат күніне, күнделікті 4 ай болады курс.
Халық қалаулылары трамвай кондукторымен де жеке тілдесті. Арнайы тіл үйрету курсынан өтетіндіктері байқалады. Бірақ, толықтыратын жерлері де жоқ емес. Рейдтік шара барысында тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен қазақ тілін тегін үйрететін QR код арқылы жүктелетін қосымша туралы ақпарат таратты. Алдағы уақытта бұл парақшалар қоғамдық көліктердің терезелеріне ілінетін болады. Сол арқылы тұрғындар мемлекеттік тілді үйрене алады,-дейді спикер.
Жарқынбек Амантай, облыстық мәслихаттың депутаты:
Бұл QR-кодтар өңіріміздегі барлық нысандарға таратылуда. Бұл арнайы бағдарлама. Мемлекеттік тілді сіз QR-кодты басу арқылы оңай үйрететін бағдарламаны ұялы телефоныңызға жүктей аласыз. Бұл осы мақсатта қолға алынып отырған дүние.
Ал, екінші нысан, №1 автобус паркі. Әрине, жасыратыны жоқ бұл мекемеге біршама ескертулер жасалды. Бірақ, ұжым басшылығы келеңсіздіктері жақын арада жоюға уәде берді. Мәслихат депутаттары алдағы уақытта аптасына бір рет осындай рейдтік шараларды ұйымдастырып тұрмақ.
Зұлқарнай Ермұратұлы