Май ауданында 1 тонна балық аулағандар ұсталды. Аталмыш факт Қазан ауылынан 45 шақырым жерде орналасқан Карасора көлінде болды. Полиция бұл адамдардың балық аулауға тиісті құжаттары жоқ екенін анықтады. Азаматтар Май ауданының полиция бөліміне жеткізілген. Заңсыз балық аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Айта кету керек, биыл павлодарлық полицейлер заңсыз балық аулаудың 6 фактісінің жолын кесті.

Жасқайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:
42 жасар және 49 жастағы жүргізушілердің басқаруымен үш автокөлік анықталып, ұсталынды. Тексеру барысында «Фольксваген транспортер» автокөлігінен 367 келі балық, «УАЗ» автокөлігінен 370 келі, «Лексус» автокөлігінен 339 келі балық тәркіленді. «Мөңке» тұқымы балығы. Жалпы салмағы 1 тонна 76 келіні құрады. Бұдан басқа әрбір автокөліктен балық аулау кезінде пайдалануға арналған қайықтар мен моножелілер табылды. 
 
Аяулым Рахымжанова