Негізгі Жаңалықтар Қауіпсіздік бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды 

Қауіпсіздік бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды 

Зорлық-зомбылыққа тап болған адам қайда жүгінуі керек? Қауіп төнген жағдайда кімнен көмек сұрауға болады? Осы сұрақтарға жауап беру және тұрғындарға қажетті ақпаратты жеткізу мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Орталық жағалауда ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Мамандар мен еріктілер тұрғындарға арнайы жадынамалар таратып, қиын жағдайға тап болған кезде әрекет ету тәртібін түсіндірді.


Шара барысында тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіздікті сақтау жолдары айтылды. Мамандардың сөзінше, отбасындағы жанжал немесе зорлық-зомбылық жағдайына тап болған адам мәселені жалғыз шешуге тырыспауы керек. Қажет жағдайда полицияға хабарласып, сондай-ақ Отбасын қолдау орталығының көмегіне жүгіне алады.

Мамандардың айтуынша, зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ең алдымен ақпараттану қажет. Қауіп төнген жағдайда уақыт жоғалтпай, тиісті қызметке жүгіну маңызды. Ал қиын жағдайға куә болған азамат та бейжай қалмай, қажет кезде көмек шақыра алады. Осындай түсіндіру жұмыстары тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.


Сабина Жолдаспаева 


Бөлісу