Негізгі Жаңалықтар Сәнді ұлттық киімдер топтамасы ұсынылды

Сәнді ұлттық киімдер топтамасы ұсынылды

Павлодарда бұрымдылар ашық аспан астында сәнді ұлттық киімдер топтамасын ұсынды. Шара «Шаңырақ» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.

Павлодар облысының креативті индустриясын дамытуға бағытталған шара ұлттық мәдениет пен заманауи сәнді бір алаңда тоғыстырды. Жергілікті дизайнерлер ұлттық нақыштағы киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды.

Фестивальде дәстүрлі ою-өрнек пен заманауи дизайн үйлесім тапқан киімдер көпшілікке таныстырылды. Отандық дизайнерлер мен қолөнер шеберлері өз туындылары арқылы этно-сәннің жаңа бағыттарын көрсетті. Шараға алты дизайнер қатысты.

Ольга Кондратьева, дизайнер

Бұл – сырт киімдер топтамасы. Мен заманауи дизайнды ұлттық нақышпен үйлестіре отырып, сырт киім үлгілерін дайындадым. Олардың әрқайсысында қазақы ою-өрнектерді, соның ішінде қошқармүйіз өрнегін қолдандым. Негізгі ерекшелігі – ұлттық элементтердің заманауи үлгіде берілуі.

Шараның сән бағытымен қатар, мәдени мазмұны да назардан тыс қалмады. Өңір өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Байтұрсын Жұмабай




Бөлісу