Үздік еңбек адамдары марапатталды
Еңбегіне қарай – құрмет. Елімізде қыргүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні аталып өтеді. Бұл мереке қарсаңында облыстағы үздік мамандар марапатталды.
Қажырлы еңбек етіп, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген еңбек адамдарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Еңбек жолы» облыстық байқауы мәресіне жетті. Кәсіби мереке қарсаңында доданың жеңімпаздары
Бұл байқауға қатысу үшін барлығы 13 кәсіпорын мен 2 ұйым өтінім берген. Олардың ішінен «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», сондай-ақ «Өндірістің үздік жас қызметкері» аталымдары бойынша үздіктер анықталды. Бекмұрат Сағынбаев жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері деп танылды. Ол кәсіпорнында он жыл жұмыс істеп, 50-ден аса жас маманды дайындаған.
Марапаттау рәсімінен кейін іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Өнерпаздар әсем әндері мен мың бұралған билері арқылы еңбек адамдарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Жұлдыз Қабылденова