Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі өзгереді
Әлеуметтік көмек оны шынайы қажет ететін жандарға берілуі керек. Елімізде жаңа жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау жүйесі өзгереді.
Толығырақ – алдағы сюжетте.
Жүйе тек қағаз жүзіндегі формалдылықтан біртіндеп бас тартып келеді, яғни шешім тек ұсынылған құжаттар негізінде қабылданбайды. Енді бағалау кешенді түрде жүргізіліп, мәліметтер әртүрлі мемлекеттік дерекқордан алынады. Бұл барлық ақпаратты өзара салыстырып, отбасының шынайы тұрмыстық жағдайын әлдеқайда тез анықтауға мүмкіндік береді.
Әлия Рахимова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары
Мемлекеттік қолдаудың тек шынайы мұқтаж жандарға берілуі тиіс. Бұл – әділ жүйеге көшудің бір қадамы. Жаңа ереже бойынша, тұрмыс жағдайы жақсы, яғни «а» және «б» санаттарындағы отбасыларға жәрдемақы берілмейді. Өйткені мемлекет шынымен көмекке мұқтаж емес адамдарға қаржы бөлмеуі керек. Отбасының жағдайын әділ бағалау үшін үй ішіндегі барлық ересек адамның табысы есепке алынады. Бұл олардың көмекті шынымен қажет ететінін не етпейтінін нақты анықтауға көмектеседі.
Жаңа жүйеге көшу үшін алдын ала дайындық жүріп жатыр. Көмек алатын азаматтар отбасының әл-ауқатын бағалау үшін қажетті мәліметтерді тексеруге рұқсат беруі тиіс. Бұл жүйенің ақпаратты болжаммен емес, нақты деректерге сүйеніп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қаржылық жағдайы өзгерген отбасылар үшін көмек түрлерін қайта қарастыру жолдары бар.
Әлия Рахимова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары
«Каждому получателю будут отправлены смс уведомления... Әрбір көмек алушыға жеке деректерді, соның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің мәліметтерін өңдеуге рұқсат беруді сұрайтын СМС-хабарламалар жіберіледі. Бұл келісім отбасының тұрмыстық жағдайын бағалау үшін міндетті. Егер рұқсат берілмесе, бағалау жүргізілмейді. Ал азаматтың табысы жоғары болса, әлеуметтік көмектен ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік бар. Бұл туралы да арнайы СМС-хабарламалар жолданады. Ерікті түрде бас тарту – әлеуметтік жауапкершіліктің көрінісі. Адам бұл мемлекеттік қолдау басқа отбасыға көбірек қажет екенін түсінсе, көмектен өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдай алады»
Бұл өзгерістердің негізі – отбасының цифрлық картасы. Бұл жүйе әр шаңырақтыңжағдайын бір жерге жинақтап көрсетіп, мемлекеттік органдардың түрлі базадағы ақпаратты тез табуына жол ашады. Нәтижесінде, көмек шынымен лайықты адамға дәл тиеді, ал тұрғындар сан алуан анықтама жинап уақыт жоғалтпайды.
Әлия Рахимова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары
Қазір «Отбасының цифрлық картасы» жұмыс істеп тұр. Ол 24-тен аса мемлекеттік органның базасын біріктіреді. Бұл жүйе әр отбасының нақты табысын анық көруге мүмкіндік береді. 2027 жылдан бастап тұрмысы жақсы, яғни «А» және «Б» санатына кіретін отбасыларға әлеуметтік төлемдердің жекеленген түрлерінің берілуі тоқтатылады. «А» санатына әр мүшесіне шаққандағы табысы 7 күнкөріс минимумынан асатын отбасылар жатады. Мәселен, олар люкс санатындағы қымбат көліктер, үйлер мен жер учаскелеріне ие болуы мүмкін»
Жаңа жүйенің көмекті тек қағаз жүзінде қажет ету мен нақты мұқтаждықты ажыратуы тиіс. 2027 жылдан бастап бұл тәртіп толықтай күшіне енеді. Демек басты қағида өзгереді: енді қолдау тек өтініш бойынша берілмейді, алдымен отбасының әл-ауқаты назарға алынады.
Жұлдыз Қабылденова