Республикалық слеттің алғашқы күні
Тақырыпты жалғастырсақ. Ашылу салтанатынан соң туристтік слетке қатысушылар дарыстың алғашы күніндегі бағдарлмаға кірісті. Барлық команда сонда жиналып, тәжірибелерін көрсетті. Дайындықтарын паш етті. Еліміздің әр өңірінен келген, облыстық кезеңнен сүрінбей өткен жастар мүмкіндіктерін сынады.
Елімізде жыл сайын өтетін туристтік шараны Ертіс өңірі жоғары деңгейде қарсы алды. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынайды. Осылайша жастар бас қосып, тәжірибел алмасады, өнерлерін көрсетеді. Мүмкіндіктерін ашады.
Рустам Кенжин, слеттің бас төреші
Туристтік слетке 14 пен 16 жас аралығындағы балалар қатысады. от 14-16 лет. Жалпы бес бағыт бойынша өтеді. Турситік кезең, Ертіс жағасында спорттық сайыс кезеңі өтеді, бард әндерді орындау бағдарламасы да бар. Сондай-ақ менің кіші отаным жобасы да ұйымдастырылады.
Еліміздің барлық облысы мен қаласынан келген 20 команда. Баршасы да өз облыстарынан оза шауып, ақтық кезеңге жетті. Араларын да бұған дейінгі слетке қатысқандары да бар.
Қатысушылардың арасында болашақта туризм мамандығын таңдап, саланың бтігіне жетсем деп талап қылғандар да бар.
Заманауи әлемде туризм саласы жылдам дамып, экономикалық маңызы да артты. Еліміз де бұл қарқынға ілесіп, қам жасауда. Ірі жобалар жасалып жатыр. Ал, оны әрмен қарай жалғап, дамытатын әлібетті бүгінгі жастар.
Туризм тек қыдыру емес. Ол алдымен айналаңды жақсы танып білу. Әрмен қарай әлібетте әлемнің сырларына үңілуге болады.
Туристтік слет екі күнге жалғасады. Дәстүрлі шара Ертіс бойында да сәтті өтіп, қатысушылардың ойында оң әсермен қалады деген сенім мол.