Негізгі Жаңалықтар Павлодарда «Менің отаным-Қазақстан» слеті өтуде

Павлодарда «Менің отаным-Қазақстан» слеті өтуде

Павлодарда «Менің отаным - Қазақстан» республдикалық слеті өтуде. Еліміздің әр облысынан келген 180 ге жуық оқушы екі күн бойы 5 бағыт бойынша мүмкіндіктерін көрсетеді. Шараның ашылу салтанатына біздің түсірілім тобы қатысып, қатысушылардың алғашқы әсерін таспалап қайтты. 


Дәстүрлі республикалық слет Қазақстанның дарынды оқушыларының басын кезекті рет қосты. 180 оқушы 40 жетекшісімен бірге қонақжай Павлодар қаласына келді. Көбі бұл өлкеге алғаш рет келіп отыр. Алған әсеріміз мол дейді, 

Байдәулет Әбжан, қатысушы 

Осы жылы Павлодар қаласындағы шара мені қатты таңғалдырды. Психологиялық тренинг өтті. Трениинг бұндай деңгейде өтеді деп ойламадым. Өйткені, әдетте ашылуынан соң ертеңгі жарысты күтіп жататынбыз. Бұл жолы қатысушылардың арақатынасын нығайтты. Ертеңгі жарыстардан көптеген үміттеріміз бар. Барлығына сәттілік тілеймін.

Қатысушылар екі күн бойы әр түрлі бағытта білім, біліктерін көрсетеді. Негізі тақырып әлібетте туризм. Жан-жақтан жиналған оқушылар өнерлерін де паш етіп, дарындарын көрсетуге мүмкіндік алады. Зерттеулерін көрсетеді. Бард әндерін айтып, өлең оқиды. 

Балгүл Айтжанова, Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі

Жоспар бойынша бағдарламада бүгін міне ашылу салтанаты. 23-і күні үш номинация бойынша өздерінің жұмыстарын көрсететін болады. Ол Алтын сақа орталығында өтеді. Усолка жағажайында спорттық бағдарлау өтеді. Және туристік кедергілер коминациясы бойынша балалар туризм орталығында өтеді. Сонымен қатар екі номиация зерттеу жобалары. ОЛ менің кіші отаным және туристік ең үздік экспидициялық жоба. Ол да біздің орталығымызда өтетін болады.

Слеттің биыл Павлодарда өтуі тегін емес. Тақырып туризм болған соң бұл бағытта өңір ауқымды қадамқар жасауда. 

Балгүл Айтжанова, Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі

Турихм бағытында Павлодар қаласында бірінші рет болып отыр. Бұл өте қуанышты жағдай. Негізі Павлодар қаласында туризмнің дамуы өте жоғары деп айтуға болады. Өтйкені, Павлодар қаласының білім алушылары жылда республикалық слеттен бірінші, екін, үшін орындар алып келе жатыр.

Бұндай шараларда оқушылар бас қосып, білім жарыстырып, өнер сайыстырып қана қйомайды. Өзара тәжірибе алмасып, біліктерін жетілдіреді. Идеяларын ортаға салып, жетілдіругше мүмкіндік алады. 


Бөлісу