Әскери білім мен қызмет мүмкіндіктері түсіндірілді
Жасөспірімдердің әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында Ақсу қаласында кездесу өтті. Оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілдері қатысты. Мамандар жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу тәртібі, мерзімді әскери қызметке шақыру және әскерден кейінгі мүмкіндіктер туралы кеңінен түсіндірді.
Кездесу Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 9-11 сынып оқушыларына арналды. Қорғаныс министрлігі өкілдері мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Білім ордасының материалдық базасы, әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстары мен оқушылардың жетістіктері көрсетілді. Қонақтар алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәніне арналған кабинетті аралап, онда жүргізілетін оқу-жаттығу жұмыстары туралы білді.
Нұрлан Ашықов, ҚР қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментінің аға офицері
ҚР Қорғаныс министрлігі білім саласында 5 ЖОО орны бар және 5 әскери колледж бар. Қалай түсуге болатынын түсіндіргіміз келеді. 2026 жылдың ақпан айынан бастап сұранысты түсуге егов порталы арқылы жасауға болады. өте жеңілдетілген. Жеке кабинетке хабарлама келеді. Содан кейін ЖОО барып түсуге болады, жалғастыра алады. Сонымен қатар, 2.0 бағдарламасы 2023 жылдан бастап іске асырылуда. Мұнда жас сарбаз 1 жыл ішінде мерзімдік қызмет атқарып, 80нен астам ҚР ЖОО түсе алады, грант иегері атана алады.
Оқушылардың айтуынша мектепте алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында оқушылар әскери бағыт бойынша қажетті білім алып, тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады. Мұндай кездесулер сол сабақта алған білімдерін толықтырып, әскери мамандықтар туралы түсінігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Іңкәр Шәкірт, 11-сынып оқушысы
Осы бастапқы әскери дайындыққа келетін болсақ, менің ойымша бұл жерде балаға кішкентайынан құқыққа деген баулу, әскери қызметке, патриотизмге баулу деп есептеймін өзім. Менің ойымша, әскери дайындық қатты қиын емес. Ол адамның өзіне байланысты. Қазіргі таңда 21 ғасырда қыз бен ұл деп бөлудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Қызға қиын нәрсе, ұлға да қиын болады. Немесе қызға оңай нәрсе, ұлға да оңай болады деп есптеймін өзім.
Оқушылар үшін ерлік пен отансүйгіштікке үндейтін «Ерлік сабағы» ұйымдастырылды. Әскери мамандар оқушылардың сауалдарына жауап беріп, әскерге шақырылу тәртібіне қатысты негізгі талаптарды түсіндірді. Жасөспірімдер әсіресе әскери оқу орындарына түсу тәртібіне қызығушылық танытты.
Умытбек Хожаев, 11-сынып оқушысы
Менің сіздерге сұрағым. Осы әскери мамандық оқуына түсу үшін қанша ұпай тапсыру керек. Немесе ҰБТ тапсыру керек емес пе? Сол жағын түсіндіріп кетсеңіз.
Нұрлан Ашықов, ҚР қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментінің аға офицері
Айтып өткендей ол жеткіліксіз. Сенде 4 кезең болады. медициналық тұрғыда, дене тұрғыда және психологиялық тұрғыда кезеңдер. Ал ең төменгі ұпай 50 бал. Бірақ сол жерде рейтинг жасалады. Сосын шешім болады.
Кездесу соңында белсенділік танытып, сұрақ қойған оқушыларға Қорғаныс министрлігі мен «Жас сарбаз» қозғалысының атынан естелік сыйлықтар табысталды. Өкілдер өңірдегі басқа да мектептерді аралап, оқушылармен кездесулер өткізеді.
Сабина Жолдаспаева