Жұмыспен қамту
Биыл облыста 18 мыңға жуық адамды еңбекпен қамту жоспарланыпты. Өңірлік ведмоства өкілдері жоспардың 82 пайызы орындалғандығын айтты. Жұмыспен қамту саласында қандай шаралар атқарылып жатыр? Қанқастарды, ішкі көші-қонға қатысушыларды қоныстандыру шаралары қалай жүруде? Алдағы материалда.
Жүмыспен қамту мәселесіне мемлекеттің де тікелей араласатын тетіктері бар. Мәселен, жұмыс орындарын субсидиялау. Биыл сәуәір айында бұл бағдарламаға өзгерістер енгізілген.
Сондай-ақ, бірінші қазаннан бастап жұмыссыз азаматтарды есепке алудың тәсілі де өзгеруде. Енді азамат 3 күн емес, 13 күн бойы тіркеуде тұруы керек. Осы уақытта мансап орталықтары ол тұрғынды еңбекпен қамту үшін жұмыс жасайды. Ал, жұмысынан айырылғаны үшін берілетін әлеуметтік төлем бойынша өзгерістер жоқ.
Бөліп айтары, барлық салаға еніп келе жатқан жасанды интеллект енді адамдарға жұмыс тауып берумен де айналысады.
Қазыбек Жомартов, Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығының директоры
2026 жылы Павлодар облысында жасанды интеллект технологияларын қолданатын цифрлық жұмыспен қамту қызметі жобасы іске қосылды. Жоба азаматқа жұмысқа деген қажеттілігін анықтаудан бастап, нақты жұмысқа орналасқанға дейінгі барлық кезеңнен өтуге көмектесу. Яғни жасанды интеллект адамның білімі, жұмыс тәжірибесі мен дағдылары туралы мәліметтерді талдайды, түйіндемесін қалыптастыруға көмектеседі, сәйкес бос жұмыс орындарын іріктейді, қажет болған жағдайда оқуға жібереді. Бүгінде Павлодар облысында аталған жоба аясында 2026 жылдың тамыз және қыркүйек айларында азаматтарға цифрлық жұмыспен қамту қызметіне сілтемесі бар екі кезең бойынша SMS-хабарламалар жіберілді. Азаматтарға жұмыс табуға немесе оқудан өтуге және басқа да мүмкіндіктерді пайдалануға көмектесу ұсынылды.
Ал, өңірге сырттан келетін жұмыс күшін тарту жобасы тоқтаған жоқ. Тек, жаңа пилоттық жоба аясында ереже өзгерді. Жоба аясында шетелден келген азаматтар этникалық қазақ болса да, басқа ұлт өкілі болса да белгіленген өңірде бес жыл тұрып, қазақ тілінен тест тапсыруға міндеттелген.
2017жылдан бері Павлодар облысына 16 қандас көшіп келген. Оның 6 пайызы басқа өңірлерге көшіп кеткен. Биыл 477 адамға квота берілген. Оның 377- сі орындалыпты.