Бүгінде буллинг қоғам дертіне айналды. Бұл мәселемен дүйім жұрт күресіп жатыр. Қала мектептерінің бірінде «БУЛЛИНГ. ӨЗІҢНЕН БАСТА!» атты интерактивті тренинг өтті. Онда психолог буллингтің алын алу жолдарын айтып берді. 
  
34-ші мектептің 8-сынып оқушылары ойын элементтері бар психологиялық тренингке қатысты. Викториналық сұрақтарға жауап беріп, проблемалық жағдаяттарды шешті. 
Виктория Фольц, психолог:
Бүгінде буллинг бүкіл елде бар. Бұнымен күресу керек. Мәселен қорлау, өсек айту, жамандау жасөспірімнің жүйке жүйесіне қатты әсер етуі мүмкін. Соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. 
Себептер сыртқы деректерден ішкі сенімдерге дейін әртүрлі болуы мүмкін.  Сондықтан да бүгінде бұл жасөспірімдер арасында өзекті де өткір мәселеге айналды. 
Виктория Тронина, оқушы:
Мүмкін оқушының қандай да бір қабілеті ерекшеленіп тұрған кезде, бұл өзгелерге ұнамауы мүмкін. Сол себепті оған қысым көрсетілуі мүмкін. 
Василиса Карабовская, оқушы:
Мысалы, шаш түсі, түр-келбеті, кейбір сыртқа ерекшеліктері болған кезде буллинг жасалуы мүмкін. Ондай да жағдайлар кездеседі. Тіпті оқуды нашар немесе керісінше жақсы оқитындар арасында да кездеседі. Яғни, келеке қылу, қорлау, басқа да себептер.
Мектеп психологтары балаларды үндемеуге және қорықпауға шақырады. Ересектерге проблема туралы айту ешқашан ұят емес.  Буллингке тап болған немесе сондай жағдайларды кездестірген кезде бірден ұстаздармен байланысқа шығу қажет. 
 
Аяулым Рахымжанова, Кристина Касперович