Қаладағы қауіпті ағаштар кесіледі
Павлодарда бес мыңға жуық ағаштың кесілуі мүмкін. Қала басшылығы тал мен теректің жоғары бөлігін кесіп, тек діңгегін қалдыру әдісін қолданбақ. Мұндай шаралар неліктен қолға алынғанбақ? Келесі сюжетте.
Павлодардағы шамамен 10 мың кәрі ағаштың жапырақтары мен бұтақтарының кесілуі мүмкін. Олардың жартысына жуығы тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен осы ағаштарды кесу қолға алынады.
Татьяна Пономарёва, «Берегиня-био» қоғамдық қорының сарапшы-биологы
Адамдарды ескі ағаштардың үй іргетасы мен шатырын бұзып, кәріз құдықтарын бітеп, түрлі коммуникация желілеріне кедергі келтіріп жатқаны алаңдатады. Біз стратегия әзірледік, енді мәслихатқа жүгінеміз. Кезінде біршама сынға ұшыраған топпинг әдісіне қайта оралуға тура келетін сияқты. Топпинг деген – ағаштың үстіңгі бөлігін толығымен кесіп тастап, томарын ғана қалдыру.
Мамандардың айтуынша, әсіресе ескі шағанжапырақ үйеңкілер мен теректер қауіпті. Үйеңкі өзегі тез шіритіндіктен, үлкен бұтақтарының кенеттен сынып түсуі мүмкін. Ал теректердің діңі әлсіз келеді, сондықтан қатты жел мен жаңбыр кезінде олардың ірі бөліктерінің опырылып құлауы ықтимал.
Татьяна Пономарёва, «Берегиня-био» қоғамдық қорының сарапшы-биологы
Бұл әдісті үйлердің жанындағы ескі ағаштарға қолдансақ, қауіпті азайтамыз. Одан аман қалғандары тағы 5-6 жыл тұрады, ал бұл уақытта коммуналдық қызмет олардың орнына ағаштар отырғызып үлгереді. Ал қурап қалғандары түгелімен кесіліп тасталады. Біз осы жоспарды жүзеге асыруды көздеп отырмыз, себебі бес мың ағашты бірден жаппай кесу емес.
Құлағалы тұрған ескі ағаштардың орнына қауіпсіздік мақсатында тұрғын үйлерден кемінде бес метр қашықтықта жаңа көшеттер отырғызылады. Жалпы, Павлодарда бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алып келеді: көшелерге 706 ұсақ жапырақты жөке отырғызылып, көктемде жасыл белдеу 9 мың көшетпен толықты, ал соңғы сенбілікте тағы 10 мыңға жуық ағаш егілді.
Жұлдыз Қабылденова