Заң мен тәртіп – ортақ құндылық
Аққулыда «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ашық аспан астында ауқымды акция өтті. Онда аудан тұрғындарына қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері насихатталды.
Ашық аспан астындағы алаңға жиналған жұртшылық мамандардан кеңес алуға, мемлекеттік орган өкілдеріне сұрақ қоюға, интернет-алаяқтардан қалай қорғануға болатынын және төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін білуге мүмкіндік алды. Акция незізінен алдын-алу шараларына басымдық беруге бағытталды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының бірі салуатты өмір салды. Акция аясында бұл да насхатталдып, қол күрес, арқан тарту, садақ, асық ату және басқа да спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Заңсыздық жойылу үшін оның алдын - алатын шаралар күшеюі керек әлібетте. Қоғамға әр түрлі балама жолдар ұсынылуы тиіс. Бұл бағытта мектептерде де нақты шаралар өтуде.
Ақтоты Исаева, Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ұстанамыз, қолдаймыз. Осы бағытта барлық іс-шараларды өткізіп келеміз. Дәрістер, «Құқықтар мен міндеттер» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылады. Сонымен қатар осы тақырыпта ата-аналар жиналыстарын өткізіп, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі туралы айтып түсіндіреміз. Яғни, көшеде, мектепте өзін қалай ұстауы керек, қандай міндеттері бар – осының барлығына тоқталамыз».
Шара қорытындысы негізінде алкоголь өнімдерінің таралуына қарсы күрестегі ортақ күш-жігерді біріктіретін маңызды құжат бекіді. Тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ресми құжаттың артында нақты міндет тұр: профилактикалық жұмыстарды бірлесіп жүргізу, жастарға көбірек көңіл бөлу және зиянды әдеттің күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналуына жол бермеу.
Бұл келісім қағаз жүзінде ғана қалмай, нақты іске айналуы тиіс. Өйткені «Заң және тәртіп» – жай ғана тыйым салу емес. Бұл – қауіпсіз өмір сүруге, бала тәрбиелеуге және болашақты құруға қолайлы орта қалыптастыру.