Ақсу қаласында жаңадан салынған үйдің төбесі ұйықтап жатқан баланың үстіне құлап кетті. Абырой болғанда, үйдегілер баланы бөлмеден аман-есен шығарып үлгерген. Келеңсіз жағдай орын алған пәтер қазір қалпына келтіріліп жатыр. Тапсырылғанына екі жыл тола қоймаған жаңа үйде осындай жағдай екінші рет қайталанып отыр. 
 
Ербол Сағынтаев, Ақсу қалалық қаржы бөлімінің басшысы:
Мердігер кепілдік міндеттер бойынша барлығын қалыпқа келтіреді.Зардап шеккендер жоқ.  Бұл үйдегі басқа пәтерлерде сыланған қабатының опырылып түсуіне қатысты тексеріс жүргізіледі. 
Еске салайық, бұл энергетиктер қаласында 2021 жылы ғана пайдалануға берілген бес қабатты үйлер. Онда мүмкіндігі шектеулі баласы бар және көп балалы отбасылар қоныстанды. Баспананың құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 550 млн қаржы бөлінген. 
 
Аяулым Рахымжанова