Павлодар қаласында білім беру басқармасының бастамасымен мектеп оқушылары арасында «Стоп буллинг» акциясы өтті. Балалар құқығын қорғау мақсатында бір апта бойы жеткіншектер ата-аналарымен бірге түрлі шараға қатысты. Шарықтау шеңінде марафон жүгірумен аяқталды.  
 
Буллинг ағылшын тілінен аударғанда «қорқыту», «кемсіту» мағынасын білдіреді. Қазіргі біздің қоғамда мектеп оқушылары  буллингпен кездесуі мүмкін. Бұл көкейкесті мәселе. Ата-аналармен мектеп ұстаздары дер кезінде алдын алмаса оның аяғы қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Осы орайда  білім ошақтарының шәкірттері   қыркүйектің 19 нан 24 іне дейін «Стоп буллинг» науқанына қатысты. Буллинг сипаттарын талқылап, ашық сабақтар, психологиялық тренингтер мен спорттық сайыстар өтті. 
Адиат Дүйсен, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп лицейінің оқушысы:
Стоп буллинг марафондық акциясы өтіп жатыр. Менің ойымша бұл жас адамдарға юір үлес қосады. Бір көмектесе. Тәрбиелік мәнінен бір үлес қосады деп ойлаймын. Сол үшін осы стадионға келіп, осы акцияны қолдауға келдім. 
Спорттық жарыста мектеп оқушылары асық атып, қашықтықты жүгіріп, марафонға қатысты. Барлығы 600 бала ат салысты.  Ұйымдастырушылар  осы сынды акцияны жыл бойы өткізетінін айтады. 
Ботагөз Әбілжанова, білім беру басқармасының бас маманы:
Буллинг мәселесі болдырмау осы іс шаралар себепкер болады буллингтің болдырмауына мектепте сынып сабақтары ата аналармен жиналыстар өткізіледі. Аталған мәселені болдырмау мақсатында. Негізгі осы тақырып өзекті болып табылады. 
Бұдан басқа, балалар ұлттық ойындарға қатысып, өз күштерін тексерді. Сондай-ақ спорттық фестиваль аясында буллингтің алдын алу мәселелері бойынша пихологтардың кеңесі ұйымдастырылды.

 Әйгерім Тоқпанқызы