«Жас ұстаз» табысқа апарар жол. Дәл осындай атпен Назарбаев зияткерлік мектебінде жас педагогтер форумы өтті. Оған облыстың     100-ден астам мұғалімі қатысты. Шарада қандай сұрақтар қарастырылды? 

Ғаламат Жанабек Май ауданындағы мектептердің бірінде химия пәнінен сабақ береді. Білім ошағында жұмыс істеп жатқанына 1 жыл болған. Жас маман Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған форумға қатысқанына риза. Мол тәжірибе аламын деп отыр. 
Ғаламат Жанабек, Е.Мұқашев атындағы мектептің химия пәнінің мұғалімі (Май ауданы):
Бұған алғаш рет қатысуым. Жастар форумы жиі қатысамын. Олармен тәжирибе алмасу. Негізгі мақсат өзімнің жұмысымда қолдану. 
Жалпы «Жас ұстаз» табысқа апарар жол  форумы біздің аймақта бірінші рет ұйымдастырылды. Оны педагогикалық шеберлік орталығы қолға алды. Негізгі мақсат жас педагогтарға мотивация беру, дейді ұйымдастырушылар. 
Нұрлан Сарбасов, педагогикалық шеберлік орталығының ПОФ директоры:
Форум бағдарламасына сәйкес біздің педагогикалық шеберлік орталықтың тренерлері қолдану тақыырыптары аясында қолданады. Шеберлік сабақтарын көрсетеді. Осы жерге бірге кірісіп ойнайды. 
Айта кетейік, жалпы бүгінгі форумға өңіріміздің барлық мектептерінен 120-ға жуық жас педагог қатысты. Іс шара нәтижесінде өңірімізде аймақтық жас мұғалімдер клубы ашылады деп жоспарланып отыр. 

Самал Қалиқызы