Осы жылдың сәуір айында білім және ғылым министрі педагогтардың құқықтарын бұзбау жөніндегі бұйрықты қабылдағаны белгілі. Педагог мәртебесі туралы заңға сәйкес, бірқатар айқындамалар қабылданған. Осылайша нақты нұсқаулықтарда көзделмеген міндеттерді мұғалімнің мойынына артуға болмайды. Мәселен, білім мекемесінің жөндеу жұмыстарын қатыстыру, электронды құжаттарды басуды талап етуге, тағасын тағы.

Ләззат Жақиянова, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Заңсыз тексерулер жүргізуге болмайды. Мұғалімдерге газеттер мен журналдарға жазылу ға болмайды. Жүгіне алады.

Ұстаздар өздеріне қатысты заң бұзылған жағдайда білім сапасын қамтамсыз ету департаментіне шағымдану арқылы өз құқықтарын қорғай алады. Сенім телефоны да жұмыс істейді. Педаогтардың мәртебесіне қатысты заң бұзылған жағдайда 20-дан 120-ға дейін АЕК көлемінде айыппұл да қарастырылған.

Ләззат Жақиянова, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Департамент күн сайын облыстық білім беру саласында қатысты желілер мен колл орталықтарға мониторгиг жүргізеді. Фактілерге байланысты мемелкеттік оргондардың қатысуымен шұғыл көмек көрсету бойынша шаралар қабылдануда.

Мектеп бітіру кеші мектеп қабырғасында ғана өтуі керек

Сондай-ақ, соңғы қоңырау шарасы да жақындап келеді. Биыл мектеп бітірушілер айтулы күнге орай қандай іс-шаралар атқара алатындығына да тоқталды. Бітіру кеші тек мектеп қабырғасныда өтуі керек. Алайда, жеке студиялар мен агенттіктерге жүгінуге, мерекелік үстелдер ұйымдастыруға, қала және аудандарды автомобиль жалдап аралауға, педагогтарға сыйлық жасау үшін ақша жинауға, мейрамхана, кафелерде шаралар ұйымдастыруға тиым салынды.

 

Жанасыл Серікбол