Павлодарда инеліктің мүсіні пайда болды. Ерекше мүсін Гагарин саябағына орнатылды. Темірден кескінделген Инелік парктің дәл төрінен орын тепті.


Инелік-рухани байлық пен тазалықтың нышаны болып есептеледі. Автордың айтуынша, бұл туынды біздің шаһарымызда ғана бар екен. Қыркүйек айында қала әкімдігінен түскен мемлекеттік тапсырысты мүсіншілер екі ай ішінде жасады.

Марат Әбілқасымов, мүсінші:

Қаланың заказдарын жасаймыз әкімшілік арқылы. Подрядчиктер заказдар алады. Бізді шақырады. Осы подрячктер алған осы жұмысты акиматтан. Тендер бойынша. Ал мына Инелікті жасағанда астыңғы тас бетонмен жасалған ал үстіңгі инелік тек қана темір, сыртынан стеклотканьмен қапталған сондықтан бұл сынбайтын, темір іші.

Мүсін өнерінің майталманы Марат Әбілқасымов Павлодар өңірінің ондаған тарихи-мәдени ескерткішін жасап, қолтаңбасын қалдырған жандардың бірі. Усолка шағын ауданында, Орталық саябақ пен Махаббат аллеясында орнатылған эстетикалық жұмыстар мүсіншінің жасаған еңбектері. Жақында ғана ол Гагарин саябағында орналасқан «әткеншек» жұмысын аяқтаған. Инелік мүсінін жасауды қала халқы құптап, қолдағанын айтады.

Марат Әбілқасымов, мүсінші:

Жұмыс дайын болмай тұрып уже инстаграммада кісілер айтып жатты ғой. Инелік керек бізге қалаға неге десеңіз кейін ана комарларды құртатын инеліктер осы. Бізге Павлодарға керек деп. Сол екі айда мына екі мүсінді жасадық. Жақында тағы бір почти дайын. Қанат деген, крылья ангела дейді. Соны да қоямыз Алла жазса.

Мейірім мен тазалықты бейнелейтін Инелік саябақ төріне орнатылды. Бір жарым метрден асатын композиция орнатылған аумақ енді қала тұрғындарының сүйікті орнына айналды.


Әйгерім Тоқпанқызы