«Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығында поэтикалық дуэль өтті. Поэзия кешінде ақындар жыр оқып, өз шығармашығын кеңінен таныстыруға мүмкіндік алды.


Поэтикалық дуэль ұғымының тарихы терең. Әдебиет тарихында танымал ақындардың өмірінде болған, ерте ғасырлардағы ақындар арасында кеңінен тараған дәстүр.

Замира Солтан, «Шаңырақ» орталығы басшысының м.а.:

Жазушылар одағымен бірлесіп, Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойын, «Найзатас» журналының 10 жылдығын өткізген болатынбыз. Жас қаламгерді жинап Жазушылар Одағына ақындарды өткізген болатынбыз. Енді міне поэтикалық дуэль. Осымен енді шектелмейміз.

Шараға өңірміздің аудан, елдімекендерінен келген ақындар көптеп қатысты. Барлығы да бүгінгі поэзияның жас буынының өкілдері.

Асылбек Бардам, жас ақын (Ақсу):

Жалпы бүгінгі дуэльге шамасызша дайындалдық. Өзіміздегі тақырып, махаббат жайлы, өмір жайлы. Шамамыз келген оқып береміз шығармашылығымыздан.

Жыр қоржындарын толтырып, поэзияның заманауи үлгісін көпшілікке таныстуға келген жастардың өз айтарлары бар.

Дария Келген, жас ақын (Май ауданы):

Жаңа серпінмен, жаңа леппен, жажңіа еңді өлеңдермен келдім. Кей-кезде біз пессимистік ойға салынып, өзімізден-өзіміз жабылып қаламыз. Бірақ, сондай уақыттан шығып, басқа бір кеңістікке өту үшін де әдеби орта ауадай қажет ойлаймын.

Поэтикалық дуэльде сегіз жұп ақын жыр оқыды. Жалпы шара сөз өнерін қолдау, әрі жастар шығармашылығын насихаттау мақсатында өтіп отыр.


Жанасыл Серікбол