Екібастұз тұрғындары жаппай жылытқыштарды пайдаланып жатыр. Жаураған адамдардың басқа амалы жоқ. Бірақ, Электр энергиясына түсер салмақ екі есеге артқан. Кейбір үйлерде сымдар балқып, қауіп туындатып отыр.


Екібастұзда жұрттың бәрі жылытқыш қосып, үйлерін жылытып отыр. Соның салдарынан электр қуатына орасан салмақ түскен. Бұрынғы 32 мегават тұтыну көрсеткіші қазір 50 мегаватқа жетіп отыр. Кейбір үйлердің аумағында сымдар балқып, кернеулер орын алуда.

Кеше Екібастұздағы жер үйлердің бірінде жылытқышты қосудан өрт шыққан. Мамандар оны дер кезінде сөндіріп үлгерген. Қазір төтеншеліктер тәулік бойы кезекшілікте тұр.

Екібастұзда тіркелген үлкен өрт оқиғалары жоқ дейді мамандар. Дегенмен де тұрғындарға дәл қпзіргі уақытта аса сақ болуды ескертуде.


Қуандық Танабас