Биыл керекулік жас қаламгерлер үшін айтарлықтай табысты жыл болды. Аманат партиясы ұйымдастырған республикалық «Ұлы дала» байқауының балалар әдебиеті номинациясын Алпысбай Әбділұлы жеңіп алса, дәстүрлі «Алтын тобылғы» байқауында Нұрбек Кеңесбайға бірінші орын берілді. Ал, ақын Бөкен Жігер айтыскерлерге арналған арнайы грантқа ие болды.
«Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы әдебиеттің барлық жанры бойынша өтті. Биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Жерлесіміз Алпысбай Әбділ «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.
Алпысбай Әбділұлы, жазушы, сатирик:
Екі жүзге тарта шығарма келіп түсті деді, әділқазылар алқасы. Соның қырыққа жуығы балалр әдебиеті бойынша жазылған. Драматургия бар.
Ал, жас жазушы Нұрбек Кеңесбай дәстүрлі «Алтын» тобылғы» байқауына «Сары емшінің баласы» әңгімесін ұсынған. Әділқазылар шығарманы жоғары деңгейде бағалап, бірінші орынға лайық деп таныған.
Нұрбек Кеңесбай, жас жазушы:
Қазылардың алдына автор емес, шығарма барды номерленіп. Өзіміз жайлы қатысу парағы деген бөлек құжатта айттық. Солай бағаланды.
Соңғы жылдары өңірімізде айтыс қарқыды түрде дамуда. Ел деңгейіндегі байқауда топ жарып жүрген жастар бар. Солардың бірі Бөкен Жігер «Асыл тас» қоғамдық бірлестігінің грантын иеленді.
Бөкен Жігер, айтыскер:
Биыл екі гранттың біреуін Мұхатр Ниязов иеленді. Екіншісі «Асыл домбыра» айтсында үздік өнер көрсеттің деп маған беруді лайық деп санады.
Аталмыш грантқа бұдан бұрын Ринат Зайытов, Аспанбек шұғатаев сияқты айтыскерлер иелік еткен.
Жанасыл Серікбол