Биыл облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие беру үшін 963 миллион теңге қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, көтерме жәрдемақы үшін 179 миллон теңге бөлінген. Осылайша елідмекендерге қажетті жүздеген маман иелеріне қолдау көрсетілмек. Бағдарламаның талаптары мен тиімді тұстары қандай?

«Дипломен ауылға» бағдарламасы 2009-жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында мыңдаған мамандарды ауылға әкеліп, елдімекендегі маман тапшылығын болдырмауға септігін тигізді. Осы бағдарлама арқылы көптеген жас мамандар баспаналы болды, көтерме жәрдемақы иеленді.

Қолдау шаралары баспана алу немесе салу үшін берілетін несиеден және біржолғы көтерме жәрдемақыдан тұрады. Жас маман 1500 АЕК көлеміне дейінгі сомада несие ала алады. Ал, бір жолғы әлеуметтік көмектің мөлшері 100 АЕК көлемінде.

Әлібек Қаленов, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы:

Жобаның негізгі талабы: маман ауылда тұрып кемінде 3 жыл ауылда, орналасқан ұйымында жұмыс істеуі қажет. Шарттар орындалмаған жағдайда алушы бюджеттік қаражатты толық қайтаруы қажет. Өткен жылы 1 млрд теңгеге 265 маман бюджеттік кредит алды.

Сонымен қатар 608 маман 187 млн теңгенің біржолғы көтерме жәрдемақсын алған. Бағдарлама арқылы ауылға барған амандардың 60 пайызы білім беру саласында еңбек етеді. Жоба Баянауыл, Павлодар, шарбақты аудандарында қарқынды іске асуда. Ауылға пайдалы жоба биыл да қарқынды түрде жалғасып табады.

Әлібек Қаленов, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы:

Ағымдағы жылға 963 млн теңгеге 186 кредит, 179 млн теңгеге 520 көтерме жәремақы көзделген. Қажет ететін мамандардың тізімін әкімдіктердің интернет ресурстарынан және «азаматтарға арналған үкіметттен» КЕ АҚ танысуға болады.

Тағы бір айта кетерлігі, орталық мемлекеттік мекемелерде несие көлемін 2 000 АЕК кқлеміне дейін, ал, көтерме жәрдемақыны 200 АЕК көлеміне дейін көтеру мәселесі қарастырылуда. Несиенің жылдық үстемақысы нөл бүтін жүзден бір пайыз.

Жанасыл Серікбол