Павлодар облысында жол апатынан ер адам көз жұмды.

22 қаңтар күні шамамен сағат 18:00-де Павлодар - Қызылорда автожолында үш көлік соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ВАЗ 2110 көлігінің 25 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тексеруді бастады.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Тағы да төрт адам зардап шегіп, емханаға әкелінді. Сол факті бойынша қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Аяулым Рахымжанова