Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі өтті. Қала, аудан мен ауылдан жиналған Абайдың ізбасарлары ұлы ақынның шығармаларын оқуды.
Облыстық Абай оқуларына 102 оқушы жиналды. Байқау 6 бағыт бойынша өтті. «Өлең – сөздің патшасы...» Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу. Ақынның қара сөздерін мәнерлеп, нақышына келтіріп, жатқа оқу. «Ұлылар әлемі» - Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына қатысты ұсынылған тақырып бойынша эссе жазу. Сондай-ақ, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас ақындар сайысына қатысушылар Абай ақынға арналған арнаудан жыр төкті.
Нұрайлым Әмірхан, З. Ақышев атындағы ЖОББМ оқушысы (Баянауыл ауданы):
Ол жерде мен өзім шығарған өлеңдерді оқыдым. Және де өте жақсы өтті деп айта аламын. Әділ қазылар өздерінің әділ бағаларын беруде. Абай Құнанбаевтың орны қазақ әдебиетінде ерекше. Оны әрбір қазақ біледі деп үміттенемін. Тек әдебиетке ғана емес, оған қоса қоғамға қазақ халқының дамуына қосқан үлесі өте көп.
Жас өрендер Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай және Мағауия Абайұлдарының шығармаларын жатқа айтты.
Абай шәкірттерінің жарық көрген туындылары бүгінге дейін том-томдаған кітап бетінде сақтаулы. Қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алар, қалам тербеген ақындардың шығармаларын етене жақын танысуы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Әдия Маненова, Ә.Баймолдин атындағы Жоббм оқушысы (Аққулы ауданы):
Сайыс жоғары деңгейде өтті. Біз осы ақындардың шығармаларын жатқа оқыдық. Балалардың қазіргі қазақ әдебиетіндегі деңгейін көтеру өте керемет. Әркім өзінің деңгейіндегі шығармаларын жатқа айтып отрыды. Мен Дағыстан және Медғат Қасым поэмаларын және Шәкәрім Құдайбергенұлының 15 өлеңдерін жатқа айттым.
«Көңілім әнді ұғады» бағыты Абай мен Шәкәрім өлеңдері мен күйлеріне арналды. Сахна төрінде жас таланттар жанды дауыста әр түрлі аспаптармен ұлы ақынның шығармаларын орындады.
Сара Мақсұт, М. Қабылбеков атындағы ЖОББМ оқушысы (Алғабас ауылы):
Шәкәрім Құдайбергенұлының әні «Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек». Бұл әнді дайындауға маған бір айдай уақыт кетті. Өте жылдам, бірақ нақты дайындалдық. Маған бұл ән өте қатты ұнады. Жүрегіме қатты батты. Менде солай айтайын деп осы әнді тыңдадым.
Шараға жиналған ұстаздар әр баланың ерекше дайындығына тоқталды.
Жанұзақ Балкенов, Павлодар қаласы №25 ЖОББМ музыка пәні мұғалімі:
Бүгін маған ауылдардан келген балалар ұнап отыр. Шәкәрмді де қосып отрымыз ғой. Абайдың күйлері де бар. Жалпы, Абайдың ерекшелігі, күйлері. Өзінің қазақ музыкасына үлкен үлес қосқаны жаңа бір толқын, буынмен айтылатын әндер ғой. Балалар сүйіп айтады, жақсы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар республикалық додаға жолдама алды.
Мөлдір Сағидолла