Павлодар қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында отбасылық кабинет ашылды. Жанжал шығаруға жақын бұзақылар, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдармен және зардап шеккендермен психолог, заңгер, медиаторлар жұмыс істейді.


Әкімшілік қамауға алынғандар үшін арнайы отбасылық кабинет ашу идеясы бұрыннан пайда болған. Мамандар тұрмыстық жағдайда зорлық, зомбылық көрген жандарға көмек көрсетеді. Айта кету керек, әкімшілік қамауға алынғандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да психологиялық көмекке жүгінеді. Басшылықтың жоспарында штатқа психолог бірлігін енгізу жоспары бар. Қазіргі уақытта олар дағдарыс орталығымен тығыз жұмыс істейді.

Мейрам Нығметов, полиция басқармасы арнайы қабылдау орнының бастығы:

Бүгінде арнайы кабинетте 89 адам бар. Шамамен 20-ға жуығы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әкімшілік құқықтық бұзушылықтар жасағандар. Олар ең көп дегенде 10 тәулік, ал, орташа 5-7 күн әкімшілік қамауға алынады.

Мәселен, Әйбек әкімшілік орталықтың тұрақты келушілерінің бірі. Өткен жылы мамандарға 12 рет жүгінген. Алайда, үнемі өкіну және алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланудан бас тарту туралы уәделер мен өкініштер еш нәтиже бермеді. Бірақ ол дерттен толық айығуы үшін үмітін үзбеген. Атап өтейік, отбасылық кабинеттің мамандары тегін психологиялық және құқықтық көмек көрсетеді. Қаңтар айының ортасынан бастап мамандардың көмегіне жиырмаға жуық адам жүгінді.


Мөлдір Сағидолла, Валентина Диденко