Павлодарлық блогер әлеуметтік желі арқылы өз оқырмандарына әйелдердің қиын өмірі жайында баяндай келе, оларды банктен кредит алуды өтінген. Бұл үшін 150 мың теңге көлемінде сыйақы беруге уәде берді. Ол алаяқтық әрекетін 2 жылға жуық іске асырып келген. Зардап шеккен 14 адам полицияға арыз жазды. Бірақ іс жүзінде алданған әйелдердің саны әлдеқайда көп.

Алаяқтық бір схема бойынша жүзеге асқан. Қазір 14 жәбірленушіден арыз келіп түсті. Келтірген залал сомасы бес миллион теңгеден асады. Айыпталушы Астана қаласында жасырынған. Жедел іс-қимыл барысында қолға түсіп, Павлодарға жеткізілді.

Мерлан Тыныбаев, қалалық солтүстік полиция бөлімінің тергеушісі:

Қазіргі уақытта 14 жәбірленуші анықталды. Келтірілген залал сомасы 5 млн теңгеден асады. Қылмыстық факті бойынша ҚР ҚК 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Әйгерім Тоқпанқызы, Евгения Мягченко