Новоямышев ауылында облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны сөз болды. Биыл іске асатын маңызды жобалар жайлы айтты.

Павлодара ауданы облыс орталығымен іргелес жатыр. Сондықтан, өзіндік экономикалық даму ерекшелігіне ие. 27 мыңға жуық халқы бар. Облыс әкімі ауданда «Ауыл – ел бесігі» бағдармласы аясында осы уақытқа дейін аудандағы 7 ауыл кешенді түрде жаңартылғандығын айтты. Биыл да, алдағы жылдары да бұл бағаттағы жұмыс жалғасатындығын жеткізді.

Ал, келесі жылы Розовка және Мичурин ауылдары қамтылады. Сонымен қатар, тағы 16 ауылда аталмыш бағдарлама аясында жаңғырту жұмыстары жүреді. Осы орайда Асайын Байханов аудан әкіміне жобалық сметалық құжаттама жұмыстарын уақыты дайындауды тапсырды. Жобаларды іске асыру жолында тұрғындардың өтініш-тілектеріне басымдық берілмек.

Павлодар ауданының жері құнарлы. Дәл осы аудан облысты көкөністің 47 пайызымен, картоптың 12 пайызымен қамтиды. Жиын аясында аудан тұрғындары барша жұртшылықты алаңдатып отырған мәселелермен де бөлісіп, сұрақтарйын қойды.

Ал, мал қорымы мәселесі облыс бойынша расымен күрделі деп атап өтті облыс әкімі. Бірақ, бұл мәселені шешу жолында шаралар қабылданып жатыр деді. Алайда, оның қымбатқа түсіп жатқандығын да айтты.

Сонымен қатар, тұрғындар ауданның электр желісі ескіргендігін айтты. Ауа райы сәл құбылса жарықтың өшіп қала беретіне әдетке айналғандығын айтты. Облыс әкімі Асайын Байханов өзінің бірінші орынбасары мен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ басшысына бұл мәселеге қатысты кеңес өткізуді тапсырды.

Жанасыл Серікбол