Қазақ даласына ислам дінінің нәрін сепкен қазірет Қабдұл Уахит Тіленшіұлының туғанына биыл 170 жыл. Осыған орай Шарбақты ауданы ұлан -асыр той өткізбекші. Мерейтой аясында ғылыми жиын, ақындар айтысы мен ұлттық спорт түрлері өтпек.
Ұлы далаға имандылықтың шапағат нұрын шашқан жоғары дәрежелі дін иесі, ұстаз, көріпкел қазірет Қабдұл Уахит Тіленшіұлы кесенесі Шарбақты ауданындағы Шалдай орманының ортасында орналасқан. Мазары республикалық сокралды география тізіміне Павлодар облысынан енген 5 объектінің қатарында. Киелі жанның 170 жылдығына арналған той да кесенеден 5 шақырым жердегі Арбиген ауылының жанында 20-мамыр күні тойланбақ.
Әзілхан Әбеуов, Шарбақты ауданының әкімі:
19-күні болатыны, біздің ПГУ да халықаралық конференция өтеді. Сонымен қатар 19-күні Шарбақты ауданында орталықта айтыс өтеді сағат үште барлығыңызды шақырамын Шарбақты ауданының мәдениет үйінде болады.
Ал 20-мамыр күні қазірет кесенесінің жанында сағат 11-де құран бағышталып, құрбандық шалынады. Арбиген ауылының жанында алаңға 25 киіз үй тігіліп, ат жарыс ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ аудан жетістіктерін паш ететін көрме ұйымдастырылып, өнерпаздар концерт қоймақ. Аталған игі шара «Ертіс» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. 20-мамыр күні сағат 11-ден 14-00-ге дейін арнамыздың түсірілім тобы шара барысынан тікелей хабар таратпақ.
Гүлсара Мәлікова