Павлодар облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасына күнделікті монгиторинг жүргізіледі. . Жауапты мамандардың сөзінше бағаны тұрақтандырып ұстап тұру үшін өңірдегі сауда желілерімен арнайы меморандум жасалған. Аталмыш жүйелі жұмыстардың нәтижесі бойынша аймақ үздік бестікті тізіміне еніп отыр.

Жыл басынан бері облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 3,5 пайызды құрады. Бүгінгі таңда әлеметтік маңызы бар тауарлардың 12 позициясы бойынша бағалар республикалық деңгейден сәл төмен. Ал, осының ішіндегі 7 өнім бойынша Павлодар облысы үздік 5 өңірдің қатарына кіреді.

Сағыныш Нұркембаев, облыстық кәсіпкерлік индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а.:

Ең үздік 5 өңірдің қатарына кіреді төмен бағамен. Соның ішінде 1 сортты ұн, қарақұмық жармасы. Сары май, сүт, айран, картоп сәбіз. Облыстық тұрақтандыру қорында 9,1 мың тонна өнім бар. Бүгінгі таңда облыс бойынша 273 серіктес дүкені тұрақтандыру қорынан жұмыс істейді.

Иә, жоғарыда айтылған 901 мың тонна өтін қазіргі күні сақтаулы тұр. Ал, жыл басынан бері тұрақтандыру қорынан 1152,5 тонна өнін төмен бағамен сатылған. Арзан бағамен саудаланған тауарлар қатарында келесі өнімдер бар.

Сағыныш Нұркембаев, облыстық кәсіпкерлік индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а.:

Сондай-ақ, облыста төмендетілген бағамен: картоп, сәбіз, нан, ұн, сүт өнімдері, тауық еті, жұмысртқа, қақаұмық, күнбағыс майын сату бойынша өзара ынтымақтастық иуралы меморандумға қол қойылды.

Жалпы айтқанда облыстағы тұрақтандыру қорындағы тауарлардың сапасы күнделікті бақыланып тұрады. Бұдан бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында 4 ірі сауда желілерімен және 223 сауда нүктелерімен арнайы келісімшарт жасалған. Айта кету керек, былтырдан бері ауылшаруашылығы тауарларын нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен сататын «Жайлау» фермерлік базары іске қосылған болатын.

Зұлқарнай Ермұратұлы