Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды. Жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен 8 ай облыс орталығының басшысы болған Ержан Иманзаипов лауазымынан босатылған еді. Қаланы енді Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Хасар Хабылбеков басқарады.
Облыс орталығының жаңа басшысын облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу кезінде таныстырды.
Хасар Хабылбеков – 1986 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастады. 2012 жылдан 2016 жылға дейін Павлодар облысының атқарушы органдарының түрлі лауазымдарында қызмет атқарған. Ал, 2017-2021 жылдар аралығында Шарбақты, Тереңкөл аудандары мен Екібастұз, Павлодар әкімдерінің орынбасары лауазымдарында болды. 2021 жылы Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Өткен жылдың желтоқсан айынан бүгінге дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті. Асайын Байханов жаңа басшыға бірқатар міндеттер жүктеді.
Шаһар басшысының алдында қаланың экономикалық-әлеуметтік әлеуетін одан әромен дамыту міндеті де тұр.
Жанасыл Серікбол