Ауған соғысы ардагерлері өңіріміздің әр қалалары мен аудандарын аралап автошеру өткізді. Мақсаты жас ұрпақтын бойына патриотизмді, отаншылдық рухты арттыру. Шараға 16 соғыс ардагері қаттысты.

Өңіріміздің барлық қалалары мен аудандарын қамтыған шараны Ауған соғысы ардагерлерімен қатар Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен «Аманат» партиясының Павлодар облысындағы филиалы бірігіп ұйымдастырған. Автошеру барысында ардагерлер әр ауданда жасөспірімдермен кездесу өткізді.

Айгүл Маликова, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы:

Бұл қажетті шара, үйткені міне бүгін Ауған соғысының ардагерлері азайып бара жатыр. Оған қоса Ұлы Отан соғысының ардагерлері мүлдем аз. Сондықтан, өздерінің тәжірибесімен бөлісу бұл үлкен сондай бір міндет деп санаймын. Біздің жас буынымыз барлық осы болған жағдайларды білуі қажет.

Автошеруге жалпы саны 16 ардагер қаттысқан. Ауған саябағындағы батырлар ескерткішінде бастау алған шара, мәресін де сол жерден тапты. Ардагерлер ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімін орындады.

Байғабыл Майкотов, ауған соғысының ардагері:

Бүгінде Павлодар облысында 700-ден астам Ауған соғысының ардагерлері бар. Барлық қалалар мен аудандарда біз Ауған соғысына қаттысқан жолдастарымызбен кездесіп, олармен бірге жастарға ерлік сабақтары мен дөңгелек үстелдер өткіздік.

Автошерудің мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына туған жерге сүйіспеншілік сезімін сіңіру. Оларды елін, жерін сүюге баулу. Айта кетейік, Биыл кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл толып отыр.

Байтұрсын Жұмабай