Аққулы ауданының екі бірдей ауылында тұрғындар қуанышқа кенелді. Атап айтқанда, Шабар және Жаңатаң ауылдарында су құбыры пайдалануға берілді. Осылайша мемлекет басшысының ауыл халқын таза аузы сумен қамту тапсырмасы қарқынды орындалуда. Көптен күткен тірішілік нәріне қол жеткізген қуаныш сәтіне тілшіміз баяндасын.

Шабар ауылында 300 ге жуық тұрғын бар. Аудандағы іргелі елдімекендердің бірі. Алайда, тұрғындар көптеген жылдар бойы құдықтан су ішіп келген. Заманауи су құбырын тартудың сәті биыл түсті.

Руслан Мұқанов, Аққулы ауданының әкімі:

Осы қуанышты күнмен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Өңірлерді дамыту» ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде бүлік елдімекендердің ттаза ауыз сумен қамтамасыз етуге тапсырма берген. Тапсырманың аясында биыл ауданымызды жалпы толыққанды 100 пайыз таза сумен қамтылатын болады. Көсеткіш орындалады. Президентіміздің тапсырмасы орындалатын болады.

Енді ауадан кейінгі қажеттілік үшін ауыл тұрғындары алаңдамайды.

Назымбек Ауғазин, Шабар ауылының тұрғыны:

Көптен бері керек болды. 30 жылдай үш шақырым жерден су тасыдық. Он екі жылдай КБМ нан су тасыдық. Бұл енді қуаныш. Мердігерлерге рахмет! Фундамент құйып берді. Счетчиктер таратып берді тегін.

Бауыржан Смағұлов, Аққулы аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің меңгерушісі:

Жоба құны 543 млн теңге тұрады. Халық үшін тиімді жоба болды. Бұл ауылдың тұрғындарының басты мәселесі таза ауыз су болатын. Міне, тоғымен шешімін тапты. Тұрғындар таза суды тұтына бастады.

Тіршілік нәрі жетіп, қуанышқа кенелген ауылдардың бірі жаңа таң. Бұл елдімекен де ауыз судың азабын ұзақ жылдар бойы тартты.

Қадиша Бисебава, Жаңатаң ауылының тұрғыны:

Водопровод енді баяғыдан тосып жатырмыз. Сендерге рахмет әкелгендеріңе. Суымыз тәтті болсын. Ауылымыз көркейіп жатыр. Су огодқа да, үйге де керек қой.

Дәл осы ауыз су саласы бойынша Аққулыда тағы 5 жоба іске асып жатыр.

Жанасыл Серікбол