Өңірімізде қазақ тілін еркін меңгерген өзге этнос өкілдері көбейіп келеді. Олардың басым көпшілігі қазақтың иісі аңқыған ауылда өсіп, білім алып сонын арқасында бүгінге қазақ тілінде еркін ойын жеткізе алады. Осылардың бірі Павлодар қаласының тұрғыны Светлана Сахарова.

Светлана Сахарованың ұлты орыс. Павлодар қаласының тұрғыны. Ол қазақ мектебіне білім алып, қазақ тілін еркін меңгерген.

Светлана Сахарова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Мен өзім Баянауыл ауданында Бірлік мектебін бітірдім. Бүкіл көршілеріміз онда қазақтар болды. Орыс отбасы аз ғана болды. Бүкіл достарым есік алдындағы балалар барлығы қазақтар. Өзіміз олармен ойнап күліп жүрім қазақшамды солай үйрендім.

Светлана бір баланың анасы. Баласының да қазақша сөйлегенің қалайды. Светлана бастан өткерген қызықтарымен де бөлісті.

Светлана Сахарова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Мысалы мен жылағанда мына ойыншықты берші дегенде. Орысша айтатынмын. Сосын ол сен маған қазақша айтсан мен саған беремін сол ойыншықты дейтін. Сосын жылап-жылап қазақша сұрап аламын да ойыншықты беретін солай солай қазақшамды үйрендім.

Қазақ тілін туған тіліндей сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің бірі Светлана бүгінгі танда түсті металлургия зауытында жұмыс жасайды.

Байтұрсын Жұмабай