Кәмелет жасқа толмаған екі қызды зорлаған жігітке қатысты сот үкімі шықты. Сот оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Өткен жылдың күзінде белгілі болған оқиға елді елең еткізді. Белгілі болғандай, екібастұздық жігіт кәмелетке толмаған көрші әпкелі-сіңліні зорлап келген. Айыпталушы 2019 жылы 13 жастағы көрші қызды зорлаған. Жәбірленуші бұл жағдайды ешкімге айтпауды жөн көрген. Кейін 2020 жылы қыздардың анасы денсаулығыны байланысты басқа қалаға кеткенін пайдаланған жігіт, үйдің 8 жастағы кіші қызына зорлық әрекет жасаған. Қорлық көрген қыз көршінің әрекеттері жайлы нағашысына айтқан. Бұл хабар қыздардың анасына жеткен соң полицияға арыз жазылды. Араға бір жыл салып 20 жастағы азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Сот қылмыстық іс жасалған кезде жігіттің жасы 16-да болғанын ескеріп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Айта кету керек, айыпталушы кәмелет жасқа толмағандармен және педагогикалық лауазымдарды атқару құқығынан 2 жылға айырылды. Сонымен қатар, ол жәбірленуші тарапқа 2 миллион 500 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмаржан Қалымбек