Мемлекет басшысының «Адал азамат» идеясы қалай жүзеге асырылып келеді? Елімізде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту бойынша қандай шаралар қабылдануда? Бұл туралы өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты.
Бүгін мемлекеттік қызметтің заманауи тәжірбиесінде жаңа талаптар бар. Мемлекет басшысы: «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін еңбек ету керек» екендігін қадап айтты. Ел мамандары өз қызметінде құлақ асатын мемлекет қағидасын ұстанып, еңбек етеді.Айта кетейік, Павлодар өңірінде мемлекеттік қызметте 2000 мыңнан аса маман жұмыс істейді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Әр жауапты қызметте білікті және кәсіби кадрлар қауымы қажет. Ол айдай анық. Облыстың жергілікті атқарушы органдардың сапалық құрамы 2 мыңнан астам құралған. Оның 88 пайызында жоғары білімі бар. Оның ішінде 4 Болашақ бағдарламасының түлектері, екеуі РҺ докторы ал 11 мемелекеттік қызмтші ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Агенттік төрағасы өңір мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі барысында қызмет жаңарып, оның тиімділігі мен қызмет көрсету деңгейін арттыруға бағытталған кешенді жұмыс атқарылғанын айтты. Арнайы заң қабылданды.
Дархан Жазықбаев, ҚР мемлекеттік қызмет агенттігінің төрағасы:
Мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша былтырғы жылы 4 заң қабылданып қолданысқа енгізілді. Біріншіден цифрландыру, дамыту туралы заң қабылданды. Бұл заң бұзушылықтарды алдын алуға және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Күтпей ақ қашықтықтан мониторинг жасап құқық бұзушылық жасаған тәжірбиесі басталды. 195 қызметінің құқығы қорғалды.
Мемлекет басшысы «Адал Азамат» идеясын жүзеге асыру қажет екенін айтты. Бұған қоса, мамандардың кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту шараларына да тоқталды. Заң толықтыруында келісім шарт бойынша қызмет ету де қарастырылған.
Дархан Жазықбаев, ҚР мемлекеттік қызмет агенттігінің төрағасы:
Заңнамаға келісім шарттық қызметшілер ұғымы енгізіліп отыр. Келісім шартты қызметшілер мемлекеттік қызметшілер санатына жатпайды. Кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік болады. Келісім шарт мерзімі 1 жылдан аспайды. Тиісті үкімет қаулысымен белгіленеді. Облыс әкімдеріне арнайы мамандығы бар жұмысқа тартуға үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Бұған қоса ротациялық төлем енгізіліп отыр. Үй жалдауға мәжбүр болады.
Жастар-ел болашағы. Қазір дарынды әрі қолынан іс келетін жастар үшін мүмкіндіктер мол.
Дархан Жазықбаев, ҚР мемлекеттік қызмет агенттігінің төрағасы:
Жастар кадрлық резервін қалыптастырып жатырмыз. 1 қыркүйектен бастап біз 3 ші кезеңді бастап кеттік. Қазір айтатын 350 адамның 268-зі жұмысқа орналасты. Яғни 76 пайызы Оның ішінде қазір саяси қызметте істеп жатқан мамандарымыз бар.
Бұған қоса Президенттің тапсырмасына сәйкес әр облыста өңірлік кадрлық резевр ұйымдастырылатын болады.