Елімізде 10 қараша цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні. Қазақстандағы ең жас кәсіби мерекелердің бірі. Бүгінде, бұл сала айрықша мәнге ие. Тіпті, өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналып та үлгерді. Павлодар облысы цифрлау үдерінде қандай көрсеткішке ие? Алдағы материалымызда.
Интернет шексіз әлем. Тек, оны игеру мүмкіндігіміз шектеулі. Алайда, осы шексіз мүмкіндікті адам қажетіне жарату жолында еліміз көптеген шаралар қабылдауда. Көптеген жобалар іске асып, қазір өмірде қолданудамыз. Павлодар облысы сандық форматта қызмет көрсету бойынша еліміз бойынша алғашқы ондықтың қатарында.
Сандық технологияның ең басты міндеті жылдам қызмет. Және уақыт үнемдеу. Азаматтардың уақыт ресурсын үнемдей отырып, өмір сапасын арттыру. Бұл алдымен мемлекеттік мекемелердегі ұзын-сонар кезекті жоюдан басталады.
Иә, бүгінгі таңда көптеген жеке бас анықтамалары үшін мекемелердің табалдырығын тоздырмайтыныңыз анық. Тұрмыста да цифрландырудың игілігін көріп жүрсіз. Досыңызға ақшаны онымен кездеспей-ақ бере аласыз. Қоғамдық көлікке де жолақысын арнайы қосымша арқылы төлеп жүрсіз. Бүгінгі таңда әлемде адамның орынын алмастыратын жасанды интеллектлер де маңызды тақырыпқа айналды.
Павлодарлық жастардың айти саласына қызығушылығы мол. «Астана хаб» орталығының арнайы грантын ұтып алған жастар да баршылық.
Жанасыл Серікбол