Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024- жылғы Еуропа чемаионатының іріктеу кезеңін жалғастырады. 17 - қараша күні ел құрамасы өз алаңында Сан Марино құрамасымен ойнайды.
Бұған дейінгі ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен болатын. Бұл жолғы жеңіс футболшыларымызға ауадай қажет. Өйткені, осы жолғы жеңіс құрлықтық бәсекеге жолдама беруі мүмкін. Екі ел құрамасының матчы 17-қараша күні сағат 21: 00 де басталады. Ала доп бәсекесі «Қазақстан» және «Қазспорт» арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жанасыл Серікбол