Шарбақты ауданы агроөнеркәсіптік аймақтардың бірі. Өңірдегі Орловка ауылында «Победа» ЖШС-і ауыл шаруашылығы саласында жетекші кәсіпорындардың бірі. Қазіргі уақытта кәсіпорын қарқынды жұмыс істеп келеді. Толығырақ тілші тарқатады.
«Победа» ЖШС-і өркениет жолына түскен жаңашыл, дамыған кәсіпорын. Мұнда астық және мал шаруашылығы өнімдері өндіріліп, кәсіпорын жаңашыл технологиялар мен заманауи құралдармен жұмыс істейді.Серіктестік асыл тұқымды шаруашылық мәртебесіне ие. Шаруашылықты даңқты әулеттің үшінші өкілі – Владимир Поляков басқарады. Сонымен қатар фирма көкөніс сақтауға арналған заманауи қойма салып, сәбіз, картоп өсіруді де қолға алған. Мұнда егістікке арналған барлық техника түрі бар.
Владимир Поляков, «ПОБЕДА» ЖШС директоры:
Сәбіз бен картоп өнімдерін жинап алдық. Биыл ауа райы қолайсыздық тудырды.өнімді егу, баптау, жинау және сақтаудағы барлық олқылықтар ескерілді , картоп түгелдей өтті, ал қоймада 1200 тонна сәбіз қалды. Қазіргі уақытта сәбіз бағасын төмендетіп сатуды бастаймыз, бұл халыққа да тімді, сондай жоспарымыз бар
Мұнда 2800 ірі қара мал және 730-ға жуық сауынды сиыр бар. Ал, сүт өнімдерін кәсіпорынның тұрақты серіктестері «ФудМастер», «ФрешМилк» компаниялары алатын көрінеді. Сондай-ақ, дүкен сөрелерінен кәсіпорын өндіретін мұздатылған түрлі өнімдерді алуға болады. Облыс орталығында да аталмыш өнімдерді сататын нүктелері бар. Ал кәсіпорын басшысы мал басын көбейтіп, сүтті сиырлар алу жоспарда бар екенін, алда атқарылуға тиісті жұмыстарын тілге тиек етті.
Владимир Поляков, «ПОБЕДА» ЖШС директоры:
Мал басын көбейту жоспарда бар әрине, бірақ, менің ойымша алдымен жем базасын көтеруіміз керек. Сонда жұмысымыз одан әрі сапалы болады, қазіргі уақытта жем-шөп жеткілікті, 40 мың тоннаға жуық шөп бар
«Победа» ЖШС-і табысты қызметтің үлгісі және облыстың мақтанышы болып саналады. Кәсіпорын айтарлықтай жетістіктерге жеткен, әрі мұндағы жұмыскерлердің еңбектері де зор.
Қымбат Садық