Мемлекеттің алдыға қойып отырған мақсаттарының бірі алыс елдімекендердегі өмір сүру сапасын жақсарту. Ауылдардағы білім ордаларынын, денсаулық сақтау мекемелерін жұмысын жақсарту. Өйткені, ауыл - қай уақыт болмасын елдің қастерлі мекені. Біздің түсірілім топ Ертіс ауданындағы ең шалғай Амангелді ауылында болып, елдімекеннің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Амангелді ауылы облыс орталығынан ғана емес, аудан орталығынан да шалғай, шетте жатыр. Мемлекеттік шекара маңында орналасқан елдімекендердің бірі. Биыл ауылдық мектеп «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіпті. Осылайшы білім ордасыныңы ғимараты толықтай заманауиландырылған. Іші әрленіп, оқуға оңтайлы атмосфера қалыптасыпты.

Қазір үшінші қабат та іске қосылды. Бұл білім беру процесіне үлкен серпін беріп отыр дейді мектеп ұжымы. Өйткен, кабинет саны артып, оқу сапасын артыруға көптеген мүмкіндіктер пайда болған.

Мектепте қазір 17 ұстаз еңбек етуде. Мектеп жаңарған соң жас ұстаздар да еңбек етуге келе бастапты. Жалпы 62 бала білім алып жатыр. Бұдан бөлек мектеп қабырғасындағы шағын орталықта 16 бала тәрбие алып жатыр. Қосып айта кетер бір жәйт ауылдық медициналық пункт мектеппен жапсарлас орналасқан. Оқушылар мектеп ішінен сыртқа шықпай-ақ қажетті дәрігерлік көмекке қол жеткізе алады. Медициналық пункт жалпы 274 адамға қызмет көрсетеді.

Ауылда мәдениет үйі де жаңа. Техникалық жабдықтармен қамтылған. Ауыл бүлдіршіндері үшін балалар ойын алаңы да салынған. Енді ауылдықтардың ең басты мәселесі жол.

Болатбек Шәріпов, Ертіс ауданының әкімі:

Ертіс ауданы бойынша 839 шақырым жол бар. Оның ішінде 134 шақырым республикалық жол. 23 жылы 6,1 шақырым күрделі жөндеуден өтті. Облыс жолдары 147 шақырым аудан бойынша. Оның ішінде 7 шақырым күрдел іжөндеуден өтті. Амангелді ауылына жолға қазір конкурс жүріп жатыр...жолды бастаймыз

Иә, заманауи игілік бәріне ортақ. Ең басты мақсат шалғай елдімекендердегі балардың жағдайы үшін.

Жанасыл Серікбол